2026 жылғы 12 сәуірде тағайындалған Бұланды ауданы Новобратск ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы бойынша хабарлама

2026 жылғы 12 сәуірде Бұланды ауданы Новобратск ауылдық округінің әкімінің Новобратск сайлау округі бойынша сайлау өтті.

Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Бұланды ауданы Капитоновка ауылдық округінің және Макинск қаласының әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Новобратск ауылдық округінің әкімінің сайлау бойынша Новобратск сайлау округі:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 406 сайлаушы кірді, олардың 339 - дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 21.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Кинабаева А.А. – 34; Шурманова А.Б. – 24; Цечоев Х.А. – 260.

 Новобратск ауылдық округінің әкімі болып сайланды Цечоев Хусен Ахметович, 1971 жылы туған, Новобратск ауылдық округінің әкімі, Бұланды ауданының Новобратск ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Бұланды аудандық филиалымен ұсынылған.

Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 апреля 2026