Сайлаудың өтетін жері және уақыты туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 2 және 8-1 тармақшаларына, 113-1 бабына сәйкес, Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 4 наурыздағы Бұланды ауданының Новобратск ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Новобратск ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы» № 31/31 қаулысына сәйкес сайлаудың өтетін жері және уақыты туралы хабарлаймыз:

2026 жылғы 12 сәуірде Бұланды ауданы Новобратск ауылдық округі әкімің сайлауы:

  • № 311 сайлау учаскесі сағат 07-00 - ден 20-00-ге дейін.

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Новобратск ауылы,  Школьный тұйық көшесі, 2, «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Новобратск ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

  • № 311 сайлау учаскесі сағат 07-00 - ден 20-00-ге дейін.

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Буденовка ауылы, Школьная көшесі, 31, «Бұланды ауданының Новобратск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Бұланды ауданының №311, №312 учаскелік сайлау комиссиялары

 
 
Дата публикации
12 марта 2026