Хабарлама
Буланды ауданы Новобратск ауылдық округі бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары мен орналасқан орындары туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес, Буланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 4 наурыздағы №31/31 «Заңда белгіленген мерзімнің аяқталуына байланысты Бұланды ауданы Новобратск ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысына, сондай-ақ Бұланды ауданы әкімінің 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №14 «Бұланды ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 маусымдағы №4 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешіміне сәйкес, Новобратск ауылдық округінің сайлау учаскелерінің шекаралары хабарланады.
№ 311 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Новобратск ауылы, Школьный тұйық көшесі, 2, «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Новобратск ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон 36-7-35.
Шекаралары: Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Новобратск ауылы.
№ 312 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Буденовка ауылы, Школьная көшесі, 31, «Бұланды ауданының Новобратск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон 55-0-20.
Шекаралары: Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Буденовка ауылы.
Бұланды ауданының әкімі А. Смайылов