Бұланды ауданының Новобратск ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Новобратск ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау және әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

         2026 жылғы 4 наурыз                                                   31/31

 

 

Бұланды ауданының Новобратск ауылдық округі әкімінің
заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты

Новобратск ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау және әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі  іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 2 және 8-1 тармақшаларына, 113-1 бабына сәйкес, Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бұланды ауданының Новобратск ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Новобратск ауылдық округінің әкімін сайлау 2026 жылғы 12 сәуірге тағайындалсын.
  2. Әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі
    іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Bulandy Aqparat» аудандық газетінде жариялансын.

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                           М.Есенғожин

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                           А.Құрмашева

 

 

 

Дата публикации
04 марта 2026