2025 жылдың қорытындысы бойынша Бұланды ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жария талқылаулар өткізу туралы Есебі

2025 жылдың қорытындысы бойынша Бұланды ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жария талқылаулар өткізу туралы

Есебі

 

  1. Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер-ұйымның атауы

Бұланды ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

       

Орналасқан жері                            Ақмола облысы, Бұланды  ауданы,

                                                        Макинск қаласы, Некрасов көшесі 19.

                                                           Байланыс телефондары 8 (71646) 2 38 14

 

Бөлім басшысы                                               Джакупова Гульнара Балгужиевна

 

Мемлекеттік қызметтерін

көрсететін мамандар                                            Қоныс Өмірлі Рахимбергенұлы

                                                                                                         бас маман

 

                                                                                                         

     Бұланды ауданының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді:

  1. 2601006 Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі және күрделі емес объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру.
  2. 2602001 Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру;
  3. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама беру (тарихсыз /тарихымен).
  4. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою туралы анықтама беру.
  5. 2602002 Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау)жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;
  6. Құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды ұсыну,
  7. Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну,
  8. Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды ұсыну.
  9. 2602005 Эскизді (эскиздік жобаны)келісу

Бұланды ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ         2025 жылы 350 қызмет көрсетті оның ішінде;

–«Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) арқылы Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру-тегін негізде электрондық және қағаз нысанда 1 қызмет.

- «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды ұсыну-тегін негізде электрондық нысанда 89 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.

- «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну-тегін негізде электрондық нысанда 9 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.

- «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды ұсыну-тегін негізде электрондық нысанда 24 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.

- «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы эскизді (эскиздік жобаны) келісу-85 тегін негізде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.

- «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру-тегін негізде электрондық нысанда 142 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады      

Есепті кезеңде неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызмет құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну жәнеобъектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) бойынша  болып табылады.

         Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері мен тәртібі туралы ақпарат Бұланды ауданының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ ақпараттық стендтерінде және Бұланды ауданы әкімінің сайтында орналастырылған.                            

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу болған жоқ.

         2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Көрсетілетін қызметті алушылардың сапасы, уақтылығы, қанағаттануы өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді және жүргізілуде:

-2025 жылы аудандық "BULANDY AQPARAT" газетіне 6 мақала жарияланды, әлеуметтік желілерде 6 материал орналастырылды, 2 тікелей эфир жүргізілді.

- көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

 

Халықтың назарына.

          2026 жылғы 29 наурызға дейін өткізілетін есепті талқылау шеңберінде есепті талқылау, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өз пікірлерін, пікірлерін, ұсыныстары мен ескертулерін аудан әкімінің сайтында орналастыруға немесе тікелей жергілікті атқарушы органға ұсынуға болады.

Бұланды ауданының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ Байланыс ақпараты, телефоны: 8 (71646) 2 38 14,             

Мемлекеттік органның жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13.00 - ден 14.30-ға дейін, демалыс күні: сенбі, жексенбі

 

Бөлім басшысының м.а                                                                 Ө. Қоныс                                                                                  

                                     

Дата публикации
27 февраля 2026