Бұланды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ 2025 жылы мемлекеттік қыметтерді көрсету аясында қызметі туралы есеп

Бұланды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ 2025 жылы мемлекеттік қыметтерді көрсету аясында қызметі туралы есеп

 

Халыққакөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер келес інегізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. Қызмет алушыларға шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, наным-сеніміне, тұрғылықты жері ненемесе кез келген өзге де мән-жайларға байланысты қандай да бір кемсітусіз тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  2. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бюрократия мен созбалаңдық көріністеріне жол бермеу;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
  4. мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;
  6. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде үнемділік пен тиімділік.

«Бұланды ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік мекеме 2025 жылы 5 мемлекеттік қызмет көрсетті:

 

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген жолағында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде.

2025 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы 52 қызмет көрсетілді.

2025 жыл бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезектілікке қою, сондай-ақ тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық және қағаз түрінде.

2025 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы 111 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді жекешелендіру

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық.

2025 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы 38 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

  1. Тұрғын үй сертификаттарын беру

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.

2025 жылы өтініштер түскен жоқ.

  1. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – «электрондық үкімет» порталы арқылы.

2025 жылы 3 өтініш түсті.

  1. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – «электрондық үкімет» порталы арқылы.2025 жылы 0 мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілді.

  1. Қауіпті техникалық құрылғыларды есептен шығару

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – «электрондық үкімет» порталы арқылы.

2025 жылы өтініштер түскен жоқ.

  1. Ағаштарды кесуге рұқсат беру

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық және қағаз түрінде.

2025 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

  1. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындық паспортын беру

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық және қағаз түрінде.

2025 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы 36 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

  1. Қауіпті өндірістік объектілерді салу, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, консервациялау және жою бойынша жобалық құжаттаманы келісу

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – «электрондық үкімет» порталы арқылы.

2025 жылы өтініштер түскен жоқ.

  1. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – «электрондық үкімет» порталы арқылы.

2025 жылы өтініштер түскен жоқ.

  1. Тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобиль жолаушылар тасымалдарының маршруттары мен қозғалыс кестесін бекіту

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – «электрондық үкімет» порталы арқылы және қағаз түрінде.

2025 жылы өтініштер түскен жоқ.

«Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету формасы

2025 жылы өтініш келіп түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат жалпыға қолжетімді орындарда, «Бұланды ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ ақпараттық стендінде, әлеуметтік желілерде орналастырылған, сондай-ақ «Бұланды ақпарат» аудандық газетінде жарияланады.

2025 жылы барлығы 4 мақала жарияланды.

Байланыс ақпараты:
Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19-үй,
«Бұланды ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

Телефон нөмірлері: 8 (71646) 2-17-57, 2-10-34.

Қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүргізіледі.
Түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

 

 

Бөлім басшысының м.а.                                                                               А. Канапианова

 

Дата публикации
27 февраля 2026