2025 жылдың қорытындысы бойынша «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жария талқылаулар өткізу туралы есеп

2025 жылдың қорытындысы бойынша «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жария талқылаулар өткізу туралы

есеп

 

  1. Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер-ұйымның атауы

«Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Бұланды ауданы,

Макинск қаласы, Некрасов көшесі 19.

Байланыс телефондары 8 (71646) 2 23 06, 2 26 58

                                                                                                                     

Бөлім басшысы                                         Жақыпбеков Абылай Өмірбайұлы

 

Мемлекеттік қызметтерді

көрсететін мамандар                                Қонаева Гүлайым Маратқызы

                                                                   Солтан Батима Базарханқызы

                                                                   Балкенова Гүльнара Рахматуллақызы                                                                               Ахмадина Жұлдыз Сағадатқызы

                                                                     Айтжанова Жадра Айтпайқызы

 

 

           «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 24 түрін көрсетеді:

1.              Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту;

2.              Еңбекші көшіп- келушіге рұқсаттар беру;

3.              Еңбекші көшіп- келушіге рұқсаттарды ұзарту;

4.                        Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке     толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу;

5.                        Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру;

6.                        Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға рұқсат беру;

7.                        Соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру;

8.                      Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;

9.                      Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

10.                  Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;

11.                  Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға куәліктер беру;

12.                  Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға куәліктердің телнұсқасын беру;

13.                  Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу;

14.                  Ақталған адамға куәлік беру;

15.                  Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

16.                  Мүгедектігі бар адамдарға техникалық-қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

17.                  Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

18.                  Есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарды ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектігі бар құжаттарды ресімдеу;

19.                  Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

20.                  Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

21.                  Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

22.                  Стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

23.                  Жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

24.                  Тұрғын үй көмегін тағайындау;

          «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ  2025 жылы 1523 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:

          –        Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 146 қызмет, «Электрондық үкімет порталы» арқылы - 47 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 288 бұйрығымен бекітілген Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

          -         Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттарды ұзарту: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 21 қызмет, «Электрондық үкімет порталы» арқылы - 2 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 288 бұйрығымен бекітілген Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

          –            Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу: «Электрондық үкімет порталы» арқылы - 12 қызмет, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 1 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

          -         Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау: «Электрондық үкімет порталы» арқылы - 135 қызмет, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 1 қызмет, қағаз түрінде және көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы - 496 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

          -         Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға куәліктер беру: «Электрондық үкімет порталы» арқылы – 2 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен бекітілген «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

          -         Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 7 қызмет, «Электрондық үкімет порталы» арқылы – 46 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.    

          -         Мүгедектігі бар адамдарды техникалық - көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 44 қызмет, «Электрондық үкімет порталы» арқылы – 205 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

-            Жүріп – тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшісінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу: «Электрондық үкімет порталы» арқылы – 1 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

-            Есту қабілеті нашар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу: «Электрондық үкімет порталы» арқылы – 8 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

-            Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп - тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 5 қызмет, «Электрондық үкімет порталы» арқылы – 10 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.    

-            Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 11 қызмет, «Электрондық үкімет порталы» арқылы – 188 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік - курорттық емдеуді ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

          -         Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  арқылы - 30 қызмет, «Электрондық үкімет порталы» арқылы – 50 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты  әлеуметтік  қорғау  министрінің  2025  жылғы  25  желтоқсандағы № 411 бұйрығымен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

          -         Стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  арқылы - 22 қызмет, «Электрондық үкімет порталы» арқылы – 6 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік  қорғау  министрінің  2025   жылғы  25  желтоқсандағы № 411 бұйрығымен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

          -         Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке     толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеуге құжаттарды ресімдеу: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  арқылы - 19 қызмет, қағаз түрінде және көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы - 4 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 427 бұйрығымен бекітілген «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

          -         Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беруге құжаттарды ресімдеу: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  арқылы - 2 қызмет, қағаз түрінде және көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы - 2 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 428 бұйрығымен бекітілген «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

          Есепті кезеңде неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызмет болып «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі болып табылады.     

         Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері мен тәртібі туралы ақпарат «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ақпараттық стендтерінде және Бұланды ауданы әкімдігінің сайтында орналастырылған.                            

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу болған жоқ.

         2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Сапасы, уақытылығы, көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануы  критерийлері  бойынша  көрсеткіштерді  жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді және жүргізілуде:

          2025 жылы 1 дөңгелек үстел өткізілді, аудандық «BULANDY AQPARAT» газетінде 4 мақала жарияланды, әлеуметтік желілерде 31 материал жарияланды, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша Қоғамдық кеңестің отырысында 1 тыңдау өткізілді.

 

Тұрғындардың назарына

 

          2026 жылғы 26 наурызға дейін есепті талқылау өткізіледі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өз пікірлеріңізді, ұсыныстар мен ескертулерді Бұланды ауданы әкімдігінің сайтында орналастыруға немесе тікелей жергілікті атқарушы органға ұсынуға болады.

          Мемлекеттік органның байланыс телефондары: 8 (71646) 2 23 06, 2 26 58.          

          Мемлекеттік органның жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13.00 - ден 14.30-ға дейін, демалыс күні: сенбі, жексенбі.

 

 

Бөлім басшысы                                                                    А. Жақыпбеков

 

 

Дата публикации
27 февраля 2026