2025 жылғы «Бұланды ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

2025 жылғы «Бұланды ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  2. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
  4. мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
  6. мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

2013 жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңына сәйкес «Бұланды ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып саналады.

Мемлекеттік мекеме 2025 жылы 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетті:

 

  1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру».

Мемлекеттік қызмет көрсету жеке тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.

2025 жылы - 130 мемлекеттік қызметтер электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілді.

  1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру»

Мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.

2025 жылы – 283 мемлекеттік қызмет электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілді.

  1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»

Мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғаларға тегін түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.

2025 жылы – 56 мемлекеттік қызметтер  электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілді.

  1. «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)»

Мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық, мемлекеттік корпорация немесе қағаз түрінде.

2025 жылы – 32 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілді. 

 

5.Басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялау 

Мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғаларға тегін беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: "Электрондық үкіметтің" веб-порталы.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде арыз түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі  туралы ақпарат «Бұланды ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-не стендтерінде орналасқан, әлеуметтік желілерде және «Бұланды ақпарат» аудандық газетінде жарияланады. 2025 жылы 8 мақала жарияланды.

«Бұланды ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-не  мамандары әр үш жыл сайын біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады.

2025 жылы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін «Бұланды ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-не қызмет алушыдан шағымдар түспеген.

Ақпарат байланысы:

Макинск қаласы, Некрасов қөшесі 19, «Бұланды ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, телефон номірі: 8 (71646) 2-25-06, 2-22-22.

Қабылдау демалыс пен мейрам күндерімен басқа жұмыс күндері жүргізіледі, сағат 09.00-ден кешкі 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс.

 

 

Бөлім басшысы                                                                                                   А. Кабдулов

Дата публикации
27 февраля 2026