«Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы 2025 жылғы есебі
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
1.көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
2013 жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңына сәйкес «Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып саналады.
Мемлекеттік мекеме бір мемлекеттік қызмет көрсетеді:
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрі.
2025 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 13 қызмет көрсетілді. Соның ішінде:
«Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін миемлекеттік қызмет туралы ақпарат стендтерге орналастырылған, әлеуметтік желілерде және «Бұланды ақпарат» аудандық газетінде жарияланып тұрады.
2025 жылы Бұланды ауданы әкімінің аппараты сайтында мақалалар жарияланды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет тақырыбында (Instagram) әлеуметтік желіде мақалалар жарияланды.
2023 жылғы 1 сәуірден бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша сенім білдірілген агент «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ болып табылады.
«Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің барлық мамандары, әр үш жыл сайын, кестеге сәйкес біліктілігін арттыру курстарына Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында өтіп тұрады.
2025 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан «Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-не шағымдар түскен жоқ.
Ақпарат байланысы:
Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19 «Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ телефон нөмірі: 2-14-38.
Қабылдау демалыс және мейрам күндерінен басқа жұмыс күндері жүргізіледі, сағат 09.00-ден кешкі 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
«Бұланды ауданының
экономика және қаржы
бөлімі» ММ басшының м.а