2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Бұланды ауданы Капитоновка ауылдық округінің және Макинск қаласының әкімін сайлау қорытындысы бойынша хабарлама

ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 8 ақпанда Бұланды ауданы Капитоновка ауылдық округінің және Макинск қаласының әкімдерін екі сайлау округі бойынша сайлау өтті.

Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Бұланды ауданы Капитоновка ауылдық округінің және Макинск қаласының әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Капитоновка ауылдық округінің әкімінің сайлау бойынша Капитоновка сайлау округі:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 673 сайлаушы кірді, олардың 478- дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 32.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Исмағамбетов Ш.М. – 357; Карбузова К. Т. – 43; Темірханова Ә. А. – 39.

         Капитоновка ауылдық округінің әкімі болып сайланды Исмағамбетов Шынболат Маратұлы, 1992 жылы туған, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы Бұланды ауданы бөлімі, жетекші маман, Бұланды ауданы Макинск қаласында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Бұланды аудандық филиалымен ұсынылған.

Макинск қаласының әкімінің сайлау бойынша сайлау округтері:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 12341 сайлаушы кірді, олардың 3117 – дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 130, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 341.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Алдабергенов А.Б. – 1560; Қонаева Г. М. – 595; Сандыбаева А. А. – 491.

Макинск қаласының әкімі болып Алдабергенов Азамат Бағдатұлы сайланды, 1983 жылы туған, ШЖҚ МКК «Макинск Жылу», директорының орынбасары, Бұланды ауданы Макинск қаласында тұрады, «АMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Бұланды аудандық филиалымен ұсынылған.

 

Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
09 февраля 2026