2025 жылғы 13 шілдеде Бұланды ауданы Алтынды, Амангелді, Никольск және Ерголка ауылдық округтерінің әкімін төрт сайлау округі бойынша сайлау өтті.
Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бұланды ауданының Алтынды, Амангелді, Никольск ауылдық округтері мен Ерголка ауылдық округі әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Алтынды ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Алтынды сайлау округі:Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 792 сайлаушы кірді, олардың 467 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 13, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 94.Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны: Аменова З. А.– 51; Байжанов М. Е. – 264; Енсебаева Г. Ж. – 45.
Алтынды ауылдық округінің әкімі болып сайланды Байжанов Марал Елтайұлы, 1969 жылы туған, Алтынды ауылдық округінің әкімі, Бұланды ауданының Ельтай ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Бұланды аумақтық филиалымен ұсынылған.
Амангелді ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Амангелді сайлау округі:Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 485 сайлаушы кірді, олардың 286 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 5.Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:Аманова Б. А..– 2; Құрманғалиев Н. Қ. – 275; Темірғалиева Ә. А. – 4.
Амангелді ауылдық округінің әкімі болып сайланды Құрманғалиев Нұрлан Қабдөшұлы, 1982 жылы туған, Амангелді ауылдық округінің әкімі, Бұланды ауданының Партизанка ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Бұланды аумақтық филиалымен ұсынылған.
Никольск ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Никольск сайлау округі:Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 804 сайлаушы кірді, олардың 442-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 6, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 20.Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:Беккер А.В.– 50; Жұмаділова Б. Т. – 12; Шахатова Ж. Қ. – 354.
Никольск ауылдық округінің әкімі болып сайланды Шахатова Жанна Қабенқызы, 1979 жылы туған, Никольск ауылдық округінің әкімі, Бұланды ауданының Никольск ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Бұланды аумақтық филиалымен ұсынылған.
Ерголка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Ерголка сайлау округі: Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 791 сайлаушы кірді, олардың 575 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 37, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 36. Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны: Есімов А. А. – 394; Қасенова Ж. Б. – 52; Таукелов М. С. – 56.
Ерголка ауылдық округінің әкімі болып Есімов Азамат Айыпұлы сайланды, 1980 жылы туған, ІІМ зейнеткері, Бұланды ауданы Макинск қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы