«Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (020500, Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19, телефон: 87164621426, электрондық мекенжайы: bulandy_zsp@aqmola.gov.kz) азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды: Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасыларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

«Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (020500, Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19, телефон: 87164621426, электрондық мекенжайы: bulandy_zsp@aqmola.gov.kz) азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

          Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасыларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

 

          Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

          Лауазымдық міндеттері: Отбасыларды қолдау орталығының (бұдан әрі-Орталық) өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы – экономикалық қызметіне басшылық жасайды; шешімдер қабылдайды, Орталық мүлкінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді; Орталық қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды; Орталықтың жұмысын және ауданның ұйымдары мен мекемелерімен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады; Орталықты білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту, қызметкерлердің біліктілігін жүйелі түрде арттыру, оңтайлы еңбек жағдайларын жасау, еңбек заңнамасының, еңбек тәртібінің талаптарын сақтау жөнінде шаралар қабылдайды; қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды және дербес жауапты болады; бұйрықтар шығарады және барлық қызметкерлер үшін міндетті тапсырмалар; жоғары тұрған орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа қызметкерлерді қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады; көтермелеу шараларын қолданады және қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады; қызметкерлердің міндеттерін бөледі; Орталықтың жұмыс жоспарларын бекітеді, олардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды; жоғары тұрған органға жоспарлы-есепті құжаттаманы дайындауды және ұсынуды ұйымдастырады; заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді; іссапарлар, тағылымдамалар, қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында қызметкерлерді оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттыру тәртібі мен жоспарлары; шарттар жасасады, сенімхаттар береді; сотта, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Орталықтың мүліктік және өзге де мүдделерін білдіреді; жұмыстың ұтымды нысандары мен әдістерін практикаға енгізу, Орталықтың материалдық-техникалық базасын дамыту жөнінде шаралар қабылдайды.

 

          Мыналарды білуге тиіс:

 

          Қазақстан Республикасының Конституциясын;

          «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін;

          Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін;

          Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;

          Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін;

          Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексін;

          Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін;

          «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;

          «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын;

          «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысын

          мемлекеттік отбасы саясаты саласындағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді;

          мемлекеттік отбасылық саясатты іске асырудың негіздері, қағидаттары мен бағыттарын;

          мемлекеттік отбасы саясаты саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені; ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістері;

          еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері;

          ішкі еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, санитариялық қағидаларды.

 

          Біліктілікке қойылатын талаптар:

 

          Гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе білім немесе журналистика және ақпарат мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

          Лауазымдық жалақының мөлшері өтіліне байланысты 199728 теңгеден 242166 теңгеге дейін.

 

          Құжаттарды қабылдау мерзімі:

         

          Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 16 маусымнан 30 маусымға дейін жүзеге асырылады .

 

          Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

 

          Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

          1) қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

          2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

          3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

          4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

          5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

           6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

          Азаматтық қызметке кірген кезде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтаманы да ұсынады.

 

 

 

Дата публикации
16 июня 2025