Бұланды ауданының Алтынды, Амангелді, Никольск ауылдық округтерінің әкімдерін кезекті сайлауды және Ерголка ауылдық округінің әкімін мерзімінен бұрын сайлауды тағайындау туралы

04     маусым 2025 ж                                                     12/19

 

 

 

Бұланды ауданының Алтынды, Амангелді, Никольск

ауылдық округтерінің әкімдерін кезекті сайлауды және Ерголка ауылдық округінің әкімін мерзімінен бұрын сайлауды тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 2 және 8-1 тармақшаларына, 113-1 бабына сәйкес, Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алтынды, Амангелді, Никольск ауылдық округтерінің әкімдерін кезекті сайлауды және Ерголка ауылдық округінің әкімін өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайлауды өткізу 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалсын.
  2. Сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Bulandy Aqparat» аудандық газетінде жариялансын.

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                           М.Есенғожин

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                           А.Құрмашева

 

Дата публикации
04 июня 2025