АҚПАРАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ ТҰЛҒА
Қалиева Айнур Амантайқызы - Бұланды ауданы әкімінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы
Уәкілдің негізгі функциялары:
мемлекеттік орган интернет-ресурсының толымдылығын мониторингтеу (МО ИРБТ);
мемлекеттік орган орналасқан үй-жайда ақпараттық стендтерді орналастыруды, сондай-ақ оларға мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету;
бюджет бойынша ашық деректер мен ақпаратты орналастыру және уақтылы жаңарту / бірінші басшының блогына келіп түскен өтініштерге жауаптар беру / НҚА және бюджеттік бағдарламалар жобаларына түсініктемелерге жауаптар беру / сауалнамалар мен интернет-конференциялар өткізу / «Ашық үкімет» порталдарында бірінші басшының блогындағы жазбаларды орналастыру мониторингі»;
мемлекеттік органның ашық отырыстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволардың жұмысын үйлестіру (әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциямен);
мемлекеттік органдардың Интранет-порталында (МОИП) «Құжаттар кітапханасы» модулін толтыру мониторингі);
мемлекеттік органнан халық жиі сұрататын ақпаратты талдау және оны ашық қолжетімділікте (сайтта, ашық деректер порталында және т. б.) орналастыруды қамтамасыз ету);
басшылыққа алу үшін материалдар дайындау және Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырыстарына қатысу;
ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша комиссия ұсынымдарының орындалуын бақылау және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне (бұдан әрі – АҚДМ) комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуы туралы ақпаратты уақтылы ұсыну);
Мемлекет басшысына ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есепті дайындауға қатысу;
мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау шеңберінде АҚДМ-ға ұсыну үшін «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша есептік ақпаратты қалыптастыру;
Президент Әкімшілігі жанындағы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысында, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау нәтижелері бойынша бағалауға уәкілетті органның (АҚДМ) қорытындысында («Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша) көрсетілген ұсынымдардың орындалуын қамтамасыз ету»);
АҚДМ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және басқа да құзыретті органдар мен ұйымдарды тарта отырып, өзінің мемлекеттік органының қызметкерлерін ақпараттық ашықтық мәселелеріне оқытуды ұйымдастыру;
кездесулерді ұйымдастыру мен өткізуді қоса алғанда, АҚДМ, БАҚ, ҮЕҰ және басқа да мүдделі органдармен және ұйымдармен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мониторингі (сайтты толтыру, ашық деректерді орналастыру, бірінші басшының блогын жүргізу);
ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру және ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органда жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу және т. б.