2024 жыл бойынша Бұланды ауданы әкімдігі уәкілетті органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы
есебі
1.Жалпы ережелер.
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № №88-V Заңын және бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын басшылыққа алады.
Бұланды ауданында мемлекеттік қызметтерді аудан әкімінің аппараты, қала, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары, 8 дербес бөлім және мансап орталығы көрсетеді.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
2024 жылы Бұланды ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтің мемлекеттік қызметтің 59 түрін көрсетті.
|
№ |
Атауы |
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны |
|
1. |
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында |
2221 |
|
2. |
Жер қатынастары саласында |
145 |
|
3. |
Ауыл шаруашылығы саласында |
733 |
|
4. |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында |
126 |
|
5. |
Сәулет және қала құрылысы саласында |
282 |
|
6. |
Дене шынықтыру және спорт саласында |
128 |
|
7. |
Әскери қызмет саласында |
69 |
|
8. |
Экономика және қаржы саласында |
12 |
|
9. |
Өзге де мемлекеттік қызметтер |
108 |
2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 3824 құрады, 2023 жылы 4918 қызмет оның ішінде:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы -1520 , 2023 жылы 1213 қызмет;
- «электрондық үкімет» порталы арқылы барлығы – 1464, 2023 жылы 2164 қызмет;
- көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы- 840 қызмет, 2023 жылы 1509 қызмет.
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
2024 жылы ең көп сұранысқа ие болған қызметтер:
- «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» - 2024 жылы 838 қызмет, 2023 жылы 438 қызмет.
«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң мемлекеттiк қызметтер көрсетуiне қойылатын талаптар және оларды көрсету тәртiбi мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбiн айқындайтын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiде айқындалады.
Барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпараттары бар стендтер орналастырылған (ережелер, өтініштердің үлгілері және т.б.), сондай-ақ, қала және ауылдық округтер әкімдері аппараттарында және аудан әкімдігінің ғимаратында халыққа электрондық мемлекеттік қызмет алу үшін компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридермен жабдықталған 13 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.
Бұланды ауданының ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі жұмыс істейді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету жөнінде мақалалар әлеуметтік желілерде, баспасөз беттерінде жарияланады. 2024 жыл бойынша тұрғындарды қамту 82% құрады.
2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертпелері мен ұсыныстарын ескеру мақсатымен жүргізіледі.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:
- ауданның елді мекендерінде цифрлық құжаттарды пайдалану бойынша 12 баннер орналастырылған;
- жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен 6 тікелей эфир өткізілді;
- бұқаралық ақпарат құралдарында 356 түсiндiру материалдары жарияланды («BULANDYAQPARAT» аудандық газетінде – 28, ((Facebook, Instagram) әлеуметтік желілерінде – 228 мақала орналастырылған);
- мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін қараумен әкімдіктің 6 отырысы, Қоғамдық кеңестің 4 отырысы өткізілді;
Бұланды ауданында 2019 жылдан бері 6 «Сервистік әкімдік» жұмыс жасайды, 2024 жылдың қазан айында Новобратск ауылында алтыншы «Сервистік әкімдік» ашылды. Тұрғындардың электрондық мемлекеттік қызметтерді алуы және ыңғайлы болуы үшін «Сервистік әкімдікте» қажетті техникамен жабдықталған «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылған.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолданады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі ұсыныстар қажеттілігіне қарай Ақмола облысы әкімінің аппаратына жолданады.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандар әр 3 жыл сайын кестеге сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қажеттілігіне қарай Ақмола облысы әкімінің аппаратына жіберіледі.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
Ауданның мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету Ережелерін бұзуды алдын алу бойынша шаралар қабылдау бойынша жұмыс жалғасуда. 2024 жылы қызмет алушылар тарапынан шағымдардың болмауы дәлел.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
2024 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша 5 бақылау іс-шарасы өткізілді. Ішкі бақылаумен келесі ұйымдар қамтылды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 18 ұсыным әзірленді, оның ішінде 17 ұсыным орындалды, орындалмаған 1 ұсыным ("Бұланды ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ (конкурс 2 рет жарияланды, өткізілмеген деп танылды)) компьютерлік техниканы сатып алу 2025 жылдың 1 тоқсанына ауыстырылды.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2024 жылы жоғары тұрған мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету саласында бақылау іс-шаралары жүргізілген жоқ.
«Мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етудің кешенді көрсеткіші» негізгі нысаналы индикаторын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:
Бұланды ауданы әкімдігінің қызметі туралы 2023 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар bulandy_usl@aqmola.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.