2024 жылғы Бұланды ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

2024 жылғы Бұланды ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік  қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

        Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.

        Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
  4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
  6. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

       2013 жылдың  15 сәуірдегі  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы»  заңына  сәйкес «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып саналады.

       Мемлекеттік мекеме төғыз түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту».

       Мемлекеттік қызмет көрсету тегін беріледі.Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрінде. 2024 жылы  143 мемлекеттік қызметтер ЭҮП арқылы көсетілді.

  1. «Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»

  Мемлекеттік қызмет көрсету тегін беріледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:электрондық түрінде. 2024 жылы 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

     3.«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші тұрге  ауыстыруға рұқсат беру»

Мемлекеттік қызмет көрсету тегін беріледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз/электрондық түрінде. 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсетілмеді.

  1. 4. «Бұзылған дерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру»

Мемлекеттік қызмет көрсету тегін беріледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрінде. 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде арыз түскен жоқ.

5.«Жер учаскесінің бөлінетін немесе бөлінбейтіндігін анықтау»

Мемлекеттік қызмет көрсету тегін беріледі.  Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:  қағаз түрінде. 2024 жылы 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Жер қатынастары бөлімі» ММ - нің  ақпараттық стендтерде,   қоғамдық орындарда,  сондай-ақ жергілікті «Бұланды ақпарат» газетінде жарияланады.

     Бөлім мамандары әр үш жыл сайын кестеге сәйкес оқу курстарын өтеді.

        2024 жылы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін «Жер қатынастар бөлімі» ММ-не қызмет алушыдан шағымдар түспеген.

 

Ақпарат байланысы:

 

        Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов қөшесі 19, телефон номірі                 2-25-84,  2-26-37.

     

  Қабылдау демалыс пен мейрам күндерімен басқа жұмыс күндері жүргізіледі, сағат 09.00-ден кешкі 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс.

 

 

Жер қатынастар

бөлімінің басшысы                                                                          А. Данияров

 

Дата публикации
24 февраля 2025