«Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы 2024 жылғы есебі

«Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы 2024 жылғы есебі

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

1.көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

  1. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  2. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
  3. мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  4. мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
  5. мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

2013 жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңына сәйкес «Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып саналады.

          Мемлекеттік мекеме бір мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны:  электрондық және қағаз түрі.

2024 жылы электрондық үкімет порталы арқылы  12  қызмет көрсетілді. Соның ішінде:

  • 11 мемлекеттік сатып алу- көтерме жәрдемақысы;
  • 1 мемлекеттік қызмет - тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер берілді. (2023 жылдың кезегінен бастап 1 кредит берілді).

 

«Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін миемлекеттік қызмет туралы ақпарат стендтерге орналастырылған, әлеуметтік желілерде және «Бұланды ақпарат» аудандық газетінде жарияланып тұрады.

2024 жылы Бұланды ауданы әкімінің аппараты сайтында мақалалар жарияланды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет тақырыбында (Instagram) әлеуметтік желіде мақалалар жарияланды.

   2023 жылғы 1 сәуірден бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша сенім білдірілген агент "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі " АҚ болып табылады.

«Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің барлық мамандары, әр үш жыл сайын, кестеге сәйкес біліктілігін арттыру курстарына Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында  өтіп тұрады.

2024 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан «Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-не шағымдар түскен жоқ.

 

                                         Ақпарат байланысы:

Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19 «Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ телефон нөмірі: 2-14-38.

Қабылдау демалыс және мейрам күндерінен басқа жұмыс күндері жүргізіледі, сағат 09.00-ден кешкі 18.30-ге дейін, түскі үзіліс                         сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

 

 

«Бұланды ауданының

экономика және қаржы

бөлімі» ММ басшысы                                                                            В.Гылка

Дата публикации
24 февраля 2025