2025 жылғы 19 қаңтарда Бұланды ауданының Журавлевка және Қараөзек ауылдық округтерінің әкімдерін екі сайлау округі бойынша сайлау өтті.
Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бұланды ауданының Журавлевка және Қараөзек ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Журавлевка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Журавлевка сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 977 сайлаушы кірді, олардың 918-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 10, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 58.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Гильгенберг Т.И. – 681; Оразбаев Т. К. – 86; Шурманова А. Б. – 83.
Журавлевка ауылдық округінің әкімі болып сайланды Гильгенберг Татьяна Ивановна, 1984 жылы туған, Журавлевка ауылдық округінің әкімі, Бұланды ауданының Журавлевка ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Бұланды аумақтық филиалымен ұсынылған.
Қараөзек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Қараөзек сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 819 сайлаушы кірді, олардың 502-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 20.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны: Аменова З.А. – 26; Қожахметова Т. Г. – 40; Молдаспаев А. Т. – 411.
Қараөзек ауылдық округінің әкімі болып Молдаспаев Абзал Төлешұлы сайланды, 1986 жылы туған, Қараөзек ауылдық округінің әкімі, Бұланды ауданы Макинск қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Бұланды аудандық сайлау аумағы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2025 жылғы 21 қаңтардағы шешімімен Бұланды ауданының Журавлевка және Қараөзек ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін 2025 жылғы 19 қаңтарда тіркеді.
Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы