Ақмола облысы Бұланды ауданының Журавлевка ауылдық округі әкімінің кезекті және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Қараөзек ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Ақмола облысы Бұланды ауданының  Журавлевка ауылдық округі әкімінің кезекті және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Қараөзек ауылдық округі әкімінің  сайлауын тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан  Республикасы Конституциялық  Заңының 14 бабына 113-1-бабы 1-тармағының 1 және 3 тармакшаларына, 2 және 3 тармағына сәйкес, Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Өкілеттік мерзімінің аяқталуына және өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Бұланды ауданының Журавлевка және Қараөзек ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылдың 19 қаңтарына тағайындалсын.

2. 2025 жылдың 19 қаңтарына тағайындалған, Бұланды ауданының Журавлевка ауылдық округі әкімінің кезекті және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Қараөзек ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Осы қаулы Бұланды аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Bulandy Aqparat» газетінде  жариялансын.

 

      

  Төраға                                                                                        М.Есенғожин

 

  Хатшы                                                                                       А. Құрмашева

 

 

 

 

Макинск қаласы

11 желтоқсан 2024 жыл

№20/13

Дата публикации
11 декабря 2024