|
|
Қазақстан Республикасы |
«Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
«Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес жеке тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) астананың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын талаптар) көзделген құжаттармен қоса, нысан бойынша өтінішті:
1) Мемлекеттік корпорация;
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы ұсынады.
Өтінішті үшінші тұлғалар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша ұсынады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттарды көрсетілетін қызметті беруге, Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;
2) Мемлекеттік корпорацияның құжаттарын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
Көрсету нысаны: Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
- Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлігіне билік ету, шотына түскен зейнетақырларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу жөніндегі шешім туралы бұйрық;
- Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған кәмелетке толған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға бұйрық;
- Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.
Көрсетілетін қызметті
алушыдан алынатын төлем мөлшері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: тегін
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияда: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке және демалыс күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдерінде дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша немесе қамқорлыққа мұқтаж кәмелетке толмаған адамның тіркелген жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы "брондауға" болады.
3) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz;2) www.egov.kz. порталда жарияланған.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыда қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
Көрсетілетін қызметті алушы әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлігіне билік ету, шотына түскен зейнетақырларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу жөніндегі шешімді алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы мәлімет (көрсетілетін қызметті берушінің қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрығы);
4) қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушының иелігіндегі меншік құқығын растайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін);
5) заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік (нотариустан) (заң бойынша мұра алған жағдайда) (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін);
6) қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушының көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін);
7) екінші деңгейдегі банктерде немесе "Қазпочта" АҚ-да қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға шот ашылғаны туралы хабарлама;
8) қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушының кірістерін (зейнетақылар, жәрдемақылар, әлеуметтік және басқа да төлемдер) растайтын құжаттар.
Көрсетілетін қызметті алушы сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған кәмелетке толған адамның мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қағидаларға сәйкес 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы мәлімет (көрсетілетін қызмет берушінің қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрығы);
4) меншік құқығын растайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін);
5) заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік (нотариустан) (заң бойынша мұра алған жағдайда) (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін);
6) көлік құралдарына меншік құқығын растайтын құжат (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін);
7) кепілдік міндеттемелер (нотариустан) (мүлікті сатқан жағдайда) (мүлікке билік ету және иеліктен шығару үшін).
Жоғарыда аталған 2),3),4),6),8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық мәліметтер және (немесе) құжаттар нысанында алады.
Ақпараттық жүйелердегі мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтінішке тиісті құжаттар қоса ұсыналады.
Құжаттарды портал арқылы берген кезде құжаттар электорндық көшірме түрінде ұсынылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 127, 128-баптарында бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылған.