«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы  Бұланды ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

         Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.08.2024-16.08.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 17.08.2024

        Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін    бағалау:

        21.08.2024:

Сұхбат: 26.08.2024  

Анықтама телефоны: 87164621401

E-4  санат (блок Б) үшін орташа лауазымдық жалақы : 210087

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

         «Бұланды ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік   мекемесінің  қаржылық - шаруашылық  бөлімінің бас маманы

 

Функционалдық міндеттері:

 

        Бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есеп жүргізу, қаржылық, салықтық және статистикалық есептерді әзірлеу. Еңбекақыны есептеу. Шығындар сметасын орындауға және бюджет қаражатын мақсатты пайдалануға байланысты экономика және қаржы бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасау. Қаржылық жылға бюджеттік өтінімдер әзірлеуге қатысу. Тауарларды,жұмыстар мен қызметтерді  мемлекеттік сатып алуға сапалы және уақытылы өткізуді жүзеге асыру, жабдықтаушыларға қаржы қаражат аудару жөніндегі банк операцияларын өткізу, мемлекеттік сатып алу туралы есеп дайындау және уақытылы тапсыру. Сот отырыстарына қатысу, келісім шарттар құру және бекіту.

 

Білімі бойынша талап:

 

бизнес, басқару және құқық (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит)

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

            жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

                                         Шағым жасау тәртiбi

 

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
13 августа 2024