«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы  Бұланды ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

  Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.08.2024-16.08.2024

          Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 17.08.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 21.08.2024

Сұхбат: 26.08.2024

Анықтама телефоны: 87164621401

E-G-3 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Бұланды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы

 

Функционалдық міндеттері:

 

          Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың, атап айтқанда, жүк көтергіш механизмдердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру.  Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру.  Газ және газбен жабдықтау саласында қауіпті техникалық құрылғыларды өнеркәсіптік қауіпсіз пайдалану бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Тұрғын үй қорын, газ және газбен жабдықтау басқару  саласында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендердің шекараларында бақылау субъектілеріне  мемлекеттік бақылау, сондай-ақ       қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталу үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендердің шекараларында бақылау субъектілеріне мемлекеттік қадағалау. Көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін мемлекеттік техникалық зерттеуді ұйымдастыру. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін айқындау. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісу. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығару . Пәтерлердің және  тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару және ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің болуына тексеру жүргізу жатады. Тұрғындар және ұйымдар арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу. Басшылық ететін мәселелер аясында аудандық деңгейдегі мәжілістерге материалдар дайындау. Қолданыстағы заңнамалар шеңберіндегі бөлім басшылығымен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Білімі бойынша талап:

 

      инженерлік, өңдеу және құрылыс (автоматтандыру және басқару  немесе машина жасау немесе көлік, көліктік техника және технологиялар немесе жылу энергетикасы немесе   электр энергетикасы немесе технологиялық машиналар  және  жабдықтар (сала бойынша) немесе инженерлік жүйелер мен желілер немесе мұнай-газ ісі)  немесе қызмет көрсету (қоршаған ортаны  қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі)   салалары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.        

 

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

Дата публикации
13 августа 2024