Бұланды ауданы әкімінің 2024 жылғы бірінші жартыжылдықтағы кездесулерінде халықтың айтқан ұсыныстарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Бұланды ауданы әкімінің

2024 жылғы бірінші жартыжылдықтағы

кездесулерінде  халықтың айтқан

ұсыныстарын жүзеге асыру

жөніндегі іс-шаралар

жоспарын бекіту туралы

 

 

          «Әкімдердің халықпен  кездесулерін өткізу туралы»   Қазақстан  Республикасы  Президентінің     2022 жылғы   3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, Бұланды ауданы әкімінің халықпен кездесулерін өткізудің қорытындыларымен халықты ақпараттандыру   мақсатында:

  1. Бұланды ауданы әкімінің 2024 жылғы бірінші жартыжылдықтағы кездесулерінде халықтың айтқан  ұсыныстарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін (бұдан әрі - Жоспар).
  2. Ауылдық округтер  мен Макинск қаласының әкімдері  ауданның атқарушы органдарының басшыларымен бірлесіп, Жоспардың жүзеге асуын қамтамасыз етсін.
  3.   «Бұланды ауданы  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру - бақылау бөлімі жартыжылдықта бір рет есеп беру  айынан кейінгі айдың 10 - на қарай Жоспардың жүзеге асырылуы  бойынша  жүргізілген жұмыс туралы  ақпаратты  аудан әкімінің ресми сайтына орналастырсын.
  4. Осы өкімнің орындалуын  бақылау Бұланды ауданы әкімінің   орынбасары К.Н. Исмағамбетоваға  жүктелсін.
  5. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

                                                                                                                А. Смайылов

 

 

 

 

Дата публикации
09 августа 2024