2024 жылғы 20 қаңтардан 1 наурызға дейін Макинск қаласында 2025 жылы іске асыру үшін "Халық қатысуы бюджеті" жобасы шеңберінде ұсыныстар қабылданды.

2024 жылғы 20 қаңтардан 1 наурызға дейін Макинск қаласында 2025 жылы іске асыру үшін "Халық қатысуы бюджеті" жобасы шеңберінде ұсыныстар қабылданды. Осы жоба аясында қала тұрғындары өз ұсыныстарын берді. Келіп түскен ұсыныстар : 
1. Балалар ойын кешені 
2. "Балалар әлемі" скейт алаңын жайластыру. 
3. Райавтодор көшесін жарықтандыру . 
11 сәуірден бастап ұсынылған жобаларға дауыс беру басталады.Жобаларға Макинск қаласының тұрғындары Макинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында электрондық түрде дауыс бере алады. Ол үшін сілтеме бойынша өту керек  https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-bulandy-makinsk/bnu/877?lang=ru
 немесе Макинск қаласы әкімдігінің сайтына, халық қатысатын бюджет қойындысына дауыс беретін жобаны таңдап, жеке тұлғаның ЭЦҚ кілттерімен өз дауысын береді.
 Дауыс берудің аяқталуы 2024 жылғы 24 сәуірде 
Дауыс беру нәтижесі негізінде сараптамалық кеңес тиісті шешім шығарады. Дауыс беру нәтижелері мен Сараптамалық кеңестің шешімі Макинск қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жарияланатын болады . Сараптамалық кеңестің шешімі негізінде "Макинск қаласы әкімінің аппараты" ММ жобалық ұсыныстарды іске асыруға кіріседі.
Дата публикации
18 апреля 2024