«BULANDY AQPARAT»

Бұланды ауданының ақпараттық кеңістігінде 2016 жылы ресми түрде тіркелген «Bulandy Aqparat» газеті жұмысын жасап келеді. Газет аптасына 1 рет жарық көріп, Макинск қаласы және ауылдық округтерінде таратылады. Негізгі бағыты – қоғамдық-саяси.

Апта сайын аудандық газет беттерінде мемлекеттік маңызы бар бағдарламалардың және жобалардың қарқыны туралы баяндайтын, жаңалықтар легі, мерекелік даталарға қатысты тақырыптық мақалалар жарық көреді. Материалдардың авторы редакция қызметкерлері қана емес, сонымен қатар түрлі салалардағы мекемелер және ұйымдардың басшылары және қызметкерлері болып табылады.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру арқылы, газет оқырмандар үшін жетімді және пайдалы ақпаратты жеткізуде. Газеттің тұрақты айдарлары арқылы аудан тұрғындары өздерінің құқықтық сауаттылығын арттырып, түрлі салалар бойынша жаңашылдықтар жайлы мәлімет алып, ауданда өткізіліп жатқан іс-шаралар мен жүзеге асырылып жатқан жобалар жайында білуге мүмкіндік алады. Өз жұмысында БАҚ жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік, қоғамдық және жеке мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарады.

Редакция ұжымы шағын, құрамында 4 қызметкер, оның екеуі шығармашылық қызметкерлер. 2020 жылы газет облыстық «Алтын қалам» байқауына қатысып, «Үздік аудандық баспасөз басылымы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, өңір басшысы тағайындаған 200 мың теңге көлеміндегі сыйлығын ұтып алды. Редакция қызметкерлері аудандық және облыстық деңгейдегі шығармашылық бағыттағы бауқау мен сайыстарға қатысады, еңбектегі жетістіктері үшін бірқатар мақтау қағаздар мен алғыс хаттармен марапатталған.

 

 

Дата публикации
27 марта 2024