2024 жылдың 31 наурызына тағайындалған Бұланды аудандық мәслихатының № 2, 6, 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттардың орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

        1. Сайлау округінің шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы мәліметтерді көрсете отырып,  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Бұланды аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей,

2024 жылғы 10 ақпаннан   кешіктірмей

(22 б., 14 б., 6 тт.)

 

         2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Бұланды аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей,

2024 жылғы 10 ақпаннан   кешіктірмей

 (13 б. 4 т., 15-1 б. 3 т.)

 

3. Сайлау учаскесінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Бұланды ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2024 жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей

                                                                                      (23 б. 5 т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Бұланды аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2024 жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей

 (17 б. 2 т.)

 

5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

 

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, және де олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдар мен өкілдіктер)  және өзін-өзі ұсыну жолымен азаматтар

2024 жылғы 31 қаңтарда басталып 2024 жылғы
29 ақпанда  жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 аяқталады          

 (103 б.)

 

6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

Округтік сайлау комиссиялары

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102 б., 103 б. 6 т.)

 

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104 б. 2 т.)

8. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Округтік  сайлау комиссиялары

2024 жылғы 31 қаңтарда басталады және 2024 жылғы  
5 наурызда жергілікті уақытпен  сағат 18.00-де аяқталады

                                                                                       (104 б.)

   

9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиялары

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104 б. 5 т.)

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Округтік сайлау комиссиялары

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

 

                                                                     (104 б. 6-1 т. 1 тт.)

 

11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиялары

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(16-1 б, 6 тт., 31 б.)

                                                            

12. Кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                               (104 б. 2 т.)

 

13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу (өтініш жасаған жағдайда)

 

Округтік сайлау комиссиялары

Кандидатты тіркегеннен кейін 

                                                                               (34 б. 6 т.)

 

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

Округтік сайлау комиссиялары

Айына екі рет

 

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Бұланды ауданының әкімдігі, Бұланды аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2024 жылғы 5 наурызға дейін

(28 б. 6 т.)

 

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2024 жылғы 5 наурызда жергілікті уақыт бойынша
сағат 18.00-ден кейін және 2024 жылғы 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат нольде аяқталады

(27 б. 2 т.)

 

17. Кандидаттарға (өтініш жасаған жағдайда) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Бұланды ауданының әкімдігі, Бұланды аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28 б. 4 т.)

 

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                  

 

Бұланды ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын,

2024 жылғы 10  наурыз

 (26-1 б. 1 т.)

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда,

2024 жылғы 15 наурыздан бастап

                                                                           (26 б. 1 т.)

 

20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                         

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей,

2024 жылғы 20 наурызға дейін

      (18 б. 5 тт., 38 б. 2 т.)

 

21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Бұланды аудандық  сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2024 жылғы 28  наурыздан ерте емес және 2024 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей

 (37 б. 3 т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау 

 

 

 

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат бұрын

2024 жылғы 31 наурызда жергілікті уақыт бойынша
сағат 06.00-де  

(40 б. 1 т.)

23. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, 2024 жылғы 31 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38 б. 1 т.)

 

24. Дауыстарды санау және аудандық депутаттарды сайлау бойынша сайлау учаскесінде  дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2024 жылғы 31 наурызда жергілікті уақыт бойынша
сағат 20.00 басталады және дауыстарды санаудан басталғаннан 12 сағаттан аспайды

 (18 б. 8 тт., 43 б.)

 

25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43 б. 8 т.)

 

26. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108 б. 1 т.)

 

 

27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

                                                                            (108 б. 1 т.)

 

28. Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау

 

Бұланды аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей,

2024 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей                                                                    

(14 б. 9 тт., 44 б. 2 т., 108 б. 2 т.)

 

29. Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Бұланды аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2024 жылғы 6 сәуірден кешіктірмей

(14 б. 9 тт., 44 б. 4 т. 2 тт.)

 

30. Сайланған аудандық мәслихат депутаттарын тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгіні тапсыру                                          

 

Бұланды аумақтық сайлау комиссиясы

(14 б. 9 тт., 46 б. 3 т., 1 тт., 112 б. 1 т.)

 

31. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Бұланды аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн
бес күн ішінде

                                                                             (34 б. 4 т.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
31 января 2024