«Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы»

         Шешім жобасы

 

 

«Бұланды ауданында тұрғын үй

көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы»

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандагы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

          1. Бұланды ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

  1. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 16 ақпандағы № 7С-7/1(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8367 болып тіркелген), «Бұланды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 тамызындағы № 8С-7/3 «Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8608-03 болып тіркелген), «Бұланды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 8С-10/16 «Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8646-03 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 января 2024