Макинск қаласы әкімдігінің
2023 жылғы «17» қазанның
№ 129
қаулысымен бекітілген
Макинск қаласы әкімдігінің жанындағы
халық қатысатын бюджетінің іске асыру мәселелері бойынша сараптама кеңесін ұйымдастыру туралы ереже
- Жалпы ережелер
- Макинск қаласы әкімдігінің жанындағы халық қатысатын бюджетінің іске асыру мәселелері бойынша сараптама кеңесін ұйымдастыру туралы осы ереже (бұдан әрі - Ереже) азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде Макинск қаласының аумағын дамытуға және абаттандыруға бағытталған.
- Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
1) Әкімдік - Ақмола облысы Макинск қаласының әкімдігі;
2) Жоба - Макинск қаласы ауданының әкімдігімен ұйымдастырылатын «Бюджетке халықтың қатысу» жобасы;
3) Автор - Жобалық ұсынысты осы Ережеде белгіленген тәртіпке сәйкес дайындап конкурсқа тапсырған тұлға;
4) Жобалық ұсыныс – бұл, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына кайшылығы жоқ, жүзеге асырылуы Макинск қаласы әкімдігінің құзыретіне жататын, бір бюджеттік жыл мерзімінен және бөлінген қаржыландыру көлемінен аспайтын және осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген алдын ала есебі жасалып авторымен ұсынылып отырған жоба ретінде берілген ұсыныс;
5) Дауыс беру - әкімдіктің интернет-ресурсында электрондық тәсілмен дауыс беру арқылы авторлар ұсынған жобалық ұсыныстар арасында жеңімпаздарды анықтау процесі;
6) Әкімдіктің сараптамалық кеңесі – Буланды ауданы, Макинск қаласында ұйымдастырылатын халық қатысатын бюджет жобасы бойынша Макинск қаласының әкімдігінің кеңес органы;
7) Әкімдіктің интернет-ресурсы - Буланды ауданы, Макинск қаласы әкімдігінің ресми сайты.
- Қатысу бюджетінің жобалық ұсыныстарын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
- Жобалық ұсыныстардың жүзеге асыру мерзімі бір бюджеттік жылдан аспауға тиіс.
- Егер жобаның жүзеге асырылуы жер телімінің қолданылуын қажет етсе, ондай жер аумақтық тиістілігі бойынша Макинск қаласы аумағының құрамына жатуы тиіс.
- Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді қоспағанда, тұрғындардың жобалық ұсыныстарын іске асыруға бағытталған шығыстардың ең төменгі көлемі 07 «Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобы бойынша жоспарланатын қала бюджеті шығыстарының жылдық көлемінің
10% - ынан төмен емес көлемді құрайды.
- Бір жобалық ұсыныстың шекті құны ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
- Жоба бойынша әкімдіктің сараптамалық кеңесінің құрылу тәртібі
- Жоба бойынша әкімдіктің сараптамалық кеңесі бұл әлеуетті жобалық ұсыныстарды іріктеу процедурасын іске асыру және жобаны іске асыру қорытындыларын қарастыру үшін құрылған әкімдіктің кеңесші органы.
- Әкімдіктің сараптамалық кеңесінің дербес құрамы Макинск қаласы әкімдігімен бекітіледі.
- Әкімдіктің сараптамалық кеңесі 10-нан кем емес адамнан тұрады және оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдар, Макинск қаласы тұрғындары, қала аумағында қызметін атқаратын қоғамдық және басқа ұйымдардың өкілдері кіреді.
Әкімдіктің сараптамалық кеңесінің жұмыс органы болып «Макинск қаласы әкімнің аппараты» ММ белгіленді.
- Сараптамалық кеңестің шешімдеріне төрағаның, кеңес мүшелерінің және хатшының қолдары қойылғаннан кейін шығарылған күнінен бастап екі жұмыс күннің ішінде әкімдіктің интернет-ресурсында жарияланады.
- Әкімдіктің сараптамалық кеңесі өз жұмысын отырыстар нысанында атқарады, отырыстардың барлық шешімдері қарапайым дауыстар көпшілігімен қабылданады. Әкімдіктің сараптамалық кеңесі отырысы қатысушыларының саны жалпы құрамының 50%-нан жоғары болғанда ғана ол заңды болып танылады. Дауыстар тең бөлінген жағдайда әкімдіктің сараптамалық кеңесі төрағасының дауысы шешуші болады. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде кеңестер қашықтықтан кеңес шешімін кейінгі рәсімдеумен жүргізіледі.
- Әкімдіктің сараптамалық кеңесінде мүшелікті тоқтату өз еркімен немесе ұжымдық шешіммен, кеңеске жаңа мүшені ұсыну мүмкіндігімен іске асырылады.
- Әкімдіктің сараптамалық кеңесінің функциялары:
1) жобалық ұсыныс осы Ереженің талаптарына сәйкес немесе сәйкес болмауы бойынша шешімдерді қабылдау;
2) жобалық ұсыныстарды алдын ала қарастыру, қажет болған жағдайда авторларға оларды пысықтау қажеттілігі бойынша ұсынымдар беру;
3) жобаның қаражаты есебінен қаржыландыру үшін ұсынылған жобалық ұсыныстар бойынша қорытындылар мен ұсынымдарды беру;
4) жобалық ұсыныстарды дауыс беру тізбесіне қосу бойынша шешімдерді қабылдау;
5) жобаның есебінен қаржыландырылатын жобалық ұсыныстардың жүзеге асу барысын бақылау, сонымен қатар, коммуналдық кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың құрылымдық бөлімшелер басшылары мен лауазымдық тұлғаларының Жобалық ұсыныстардың асырылуы мәселелері бойынша есептерін тыңдау;
6) отырыстарын жариялы және ашық түрде өткізу, отырыстар хаттамаларын жариялау, отырыстың өткізілетін уақыты және орыны туралы әкімдіктің
интернет-ресурсы арқылы алдын ала хабарлау.
- Жобалық ұсыныстарды ұсыну тәртібі
- Жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:
1) жобалық ұсыныстың аталуы қысқа, бір сөлем шеңберінде болу керек, және ұсынылып отырған жобалық ұсыныстың мақсатына қайшы болмау керек;
2) жобалық ұсыныстар келесі критерийлерге сай болу керек:
бір өтінім – бір нысан;
жалпы пайдалану объектісі;
Макинск қаласы ауданы тұрғындары үшін өзекті болуы;
мақсаты мен нәтижесінің келісілуі;
бір бюджеттік жыл ағымында жүзеге асыру мүмкіндігі;
3) жобалық ұсыныстың жүзеге асырылуы әкімдік құзыретінің шеңберінде болу керек.
- Жобалық ұсыныстар электрондық түрде әкімдіктің электрондық адресіне жіберіледі. Конкурс туралы ақпарат әкімдіктің интернет-ресурсында, «Халық қатысатын бюджет» бөлігінде орналастырылады.
- Жобалау ұсынысына авторға болжамды сметалық есепті қоса беріп ұсынуы қажет.
- Жобалық ұсыныстың авторы кез келген сәтте өзінің жобалық ұсынысының қарастырылуынан бас тарта алады.
- Жоба аясында жобалық ұсыныстар келесі негіздермен қарастырылмауы мүмкін:
1) соңғы 5 жылда жүргізілген аула аумағын абаттандыру жұмыстары болған жағдайда;
2) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін ғана есептелген болса;
3) сипаты тұтас емес, фрагментті болып табылса;
4) Макинск қаласының бекітілген бағдарламаларына қарама-қайшы болса;
5) Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына қарама-қайшы болса;
6) қала тұрғындары үшін қол жетімділігі шектеулі болса;
7) жеке коммерциялық жобалық ұсыныстарды іске асыруды қарастырса;
8) құрамында нормативтік емес лексика, жала, тіл тигізу, зорлық-зомбылыққа шақыру және басқа да ҚР заңнамасымен тыйым салынған басқа да сөздер бар.
- Өтінімдерді іріктеу тәртібі
- Әкімдік келесі санаттар бойынша жобалық ұсыныспен бірге Макинск қаласы тұрғындарының өтінімдерін қабылдауды жүзеге асырады:
балалар алаңдарын жөндеу;
жалпы пайдалану орындарын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары;
тротуарларды жайластыру;
балалар алаңдарын орнату;
жаттығу алаңдарын орнату;
футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын орнату;
жалпы пайдаланылатын мүкәммалды орнату (орындықтар, сауыттар);
қазылған шұңқырларды жайластыру;
қоршауларды жайластыру;
көшелерді көгалдандыру;
аулаларды көгалдандыру;
аулалардағы балалар алаңдарын жарықтандыру;
креативті аялдама кешендерін орнату;
кіреберіс үстін жарықтандыру;
контейнерлік алаңдарды орнату;
қоқыс тастайтын жерлерді жою;
мерекелер қарсаңында безендіру;
креативті шағын сәулет пішіндерінің дизайны;
тұрғын үй ғимараттарының әсемдік жарығын безендіру;
жаяу жүргіншілер аймақтарын жайластыру.
Өтінімдерді қабылдау 20 қантар мен 1 наурызы аралығында жүзеге асырылады.
- Әкімдіктің жобалық ұсыныстарды қабылдау мерзімінің аяқталу қорытындысы бойынша әкімдіктің сараптамалық кеңесі ағымдағы қаржы жылының 5 сәуіріне дейінгі мерзімде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және әкімдіктің Ережесіне сәйкес әкімдік оларды іске асырудың орындылығы мен құзыреттілігі мәніне келіп түскен өтінімдерді талдауды және техникалық тексеруді жүзеге асырады.
- Жобалық ұсыныстарды жүзеге асыруға әкімдіктің құзыреттілігі болмаған жағдайда, әкімдіктің сараптамалық кеңесі, көрсетілген мерзімде, жобалық ұсыныс қоса тіркелген өтінімдерді Буланды ауданы әкімдігінің сәйкес құрылымдық бөлімшелеріне жіберу бойынша ұсынымды шығарады.
- Жүзеге асырылуы әкімдіктің құзыретіне кіретін жобалық ұсыныстар олардың Макинск қаласы үшін өзектілігі мен маңыздылығын анықтау мақсатында Макинск қаласы тұрғындары дауыс беру үшін әкімдіктің сараптамалық кеңесінің жұмыс органымен тізілімге енгізіліп әкімдіктің
интернет-ресурсына орналастырылады.
Әкімдіктің интернет-ресурсында авторизациядан өткен Макинск қаласының тұрғындары дауыс беру процесі басталған күнінен бастап
10 күнтізбелік күн аралығында ұсынылған жобалық ұсыныстар бойынша дауыстарын береді.
Степногорск қаласының бір тұрғыны әр жобалық ұсыныс бойынша тек бір дауыс беруге құқылы.
- Дауыс берудің қорытындысы бойынша әкімдік ұсынылған жобалық ұсыныстардың саны және әр жобалық ұсыныс бойынша дауыс берген азаматтар саны бойынша ақпаратты әкімдіктің интернет-ресурсына беру жолымен дауыс берудің нәтижелерін қорытындылайды.
Дауыс берудің қорытындысы әкімдікпен дауыс беру біткен күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде іске асырылады.
- Ұсынылған жобалық ұсыныстардың саны және әр жобалық ұсыныс бойынша дауыс берген азаматтардың саны туралы ақпарат олардың жүзеге асырылу кезегін анықтау және оларды жүзеге асыру мүмкіндігі мен мақсаттылығы мәселелерін қарастыру үшін әкімдіктің сараптамалық кеңесіне ұсынылады.
Ұсынылған материалдарды қарастыру әкімдіктің сараптамалық кеңесімен бес жұмыс күннің ішінде іске асырылады, нәтижесі бойынша сәйкес қорытынды шығарылады.
Жобалық ұсыныстарды қарастыру қорытындылары әкімдіктің сараптамалық кеңесінің хаттамасымен рәсімделеді 5 жұмыс күні ішінде.
- Әкімдіктің сараптамалық кеңесінің қорытындысы негізінде әкімдік жобалық ұсыныстарды қорытындыда белгіленген кезекте жүзеге асыруды бастайды.
- Жобалық ұсыныстарды жүзеге асыру
және ақпаратты жариялау
- Жобалық ұсыныстарды жүзеге асыру барысы туралы ақпарат және оларды жүзеге асыру нәтижелері міндетті түрде әкімдіктің интернет-ресурсында жариялануға тиіс.
- Жобалық ұсыныстардың жүзеге асырылуы және жобадан қаржыландырумен байланысты қаржының қолданылуы туралы ақпарат әкімдіктің сараптамалық кеңесінің жұмыс органымен жарияланады.