«Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» жобасына баспасөз-релиз
Бұланды аудандық мәслихатының «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешемі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі баскару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді және мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығыстарды талап етпейді.
Жоба «Ашық НҚА» порталында орналастырылды