Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы туралы

Учаскелік сайлау комиссияларының  сандық құрамы туралы

 

  "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 17-бабының 1-тармағына, "2023 жылы аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 8 қарашадағы № 98/798  қаулысына сәйкес, сайлау учаскелері және сайлаушылар саны туралы 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Бұланды ауданы әкімінің мәліметтері негізінде Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1-қосымшаға сәйкес Бұланды ауданының учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы анықталсын.
  2. Бұланды ауданының мәслихатына комиссия құрамын қалыптастыру үшін Бұланды ауданының сайлау комиссиялары туралы мәліметтер және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына ұсыну үшін Ақмола облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
  3. "Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын анықтау туралы" Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы №19/5 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы қаулы Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

Комиссия төрайымы                                                                       Б.Тасылбекова

Комиссия хатшысы                                                                         С.Сайманбаева 

 

 

Макинск қаласы

2023 жылғы 8 қараша

№57/22

            

Дата публикации
08 ноября 2023