2023 жылғы 24 қыркүйегіне тағайындалған
2023 жылғы 24 қыркүйекте Макинск қаласы сайлау округі бойынша Бұланды ауданы Макинск қаласы әкімінің сайлауы өтті.
Бұланды аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бұланды ауданының Макинск қаласы әкімінің сайлауы нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 12977 азамат енгізілді, оның ішінде 7737 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер – 266, «Бәріне қарсымын» белгісі бар – 1316 бюллетень.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Каренова А.С. – 1351; Кеженев М.Қ. – 3346; Оразбаев Т.Қ. – 1458.
Макинск қаласының әкімі болып 1964 жылы туған, Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайым орынбасары, Бұланды ауданы Макинск қаласында тұратын, өзін-өзі ұсынған Кеженев Молдағали Қамитұлы сайланды.
Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы