Бұланды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпандағы № 7С-7/1 «Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. Бұланды аудандық мәслихатының шешімінің жобасына баспасөз-релиз.
Бұланды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпандағы № 7С-7/1 «Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. Бұланды аудандық мәслихатының шешімінің жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысынасәйкес, әзірленген.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді және мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығыстарды талап етпейді.
Жоба Бұланды аудан әкімдігінің интернет – ресурсында, және «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14631468 орналастырылды