"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру" мемлекеттік қызмет www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 3 (үш) жұмыс күн. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру болып табылады. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) нысан бойынша шартқа/талап құқықтарын қайта беру туралы шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы/шартты есептен шығару туралы шартты (- лерді)/қосымша келісімді есепке қою туралы өтініш;
2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа/талап құқықтарын қайта беру туралы шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы/шартты есептен шығару туралы шартты (- тарды)/қосымша келісімді есепке қою туралы (ол болған жағдайда) электрондық көшірмесі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер: 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған кезде;
2) шарттың үлгі нысанының талаптарына сәйкес келмеген кезде, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйдегі бір үлеске бұрын есепке қойылған шарт болған кезде;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Толық ақпаратты «Бұланды ауданының құрылыс бөлімі» ММ-не Макинск қ., Некрасов көш., 19 мекенжайы бойынша, немесе 2-28-10 телефоны бойынша ала аласыздар.