"2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 10 (он) жұмыс күн;
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру куәлік немесе жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе дәлелді бас тарту туралы жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға:
1) 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен куәландырылған қолдаухаты;
спорт түрі бойынша облыс федерациясының мөрімен куәландырылған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша аккредиттелген облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған аудандық жарыстардың хаттамалары;
2) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілік санаттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
өтініш;
білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы;
спорт түрлері бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстардың хаттамалары;
3) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер біліктілік санаттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
өтініш;
кәсіптік білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
4) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы біліктілік санаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
өтініш;
білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен куәландырылған санат беру туралы қолдаухат;
5) спорт төрешісі біліктілік санаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
өтініш;
қызмет берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі немесе төрешілік туралы анықтама;
"электрондық үкімет" порталына:
1) 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық нысанындағы бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен куәландырылған қолдаухаты;
құжаттың электрондық нысанындағы спорт түрі бойынша облыс федерациясының мөрімен куәландырылған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша аккредиттелген облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған аудандық жарыстардың хаттамалары;
2) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілік санаттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық нысанындағы білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
құжаттың электрондық нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы;
құжаттың электрондық нысанындағы спорт түрлер бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстардың хаттамалары;
3) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер біліктілік санаттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық нысанындағы кәсіптік білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
құжаттың электрондық нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
4) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы біліктілік санаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық нысанындағы білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
құжаттың электрондық нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
құжаттың электрондық нысанындағы спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен куәландырылған санат беру туралы қолдаухат;
5) спорт төрешісі біліктілік санаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық нысанындағы қызмет берушінің төрешілік растайтын жарыстардың хаттамалары немесе төрешілік туралы анықтама.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер: 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
Толық ақпаратты «Бұланды ауданының мәдениет, тілдер дамуы, денешынықтыру және спорт бөлімі» ММ-не Макинск қ., Некрасов көш., 19 мекенжайы бойынша, немесе 2-37-88 телефоны бойынша ала аласыздар.