"Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану" мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1 кезең: өтінімді портал арқылы қарауға қабылдау - 2 (жұмыс) күн;
2 кезең: көрсетілетін қызметті берушінің тұрғынжаймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдауы – 3 (үш) ай;
3 кезең: тұрғынжайды беру – көрсетілетін қызметті алушыдан оң жауап алған сәттен бастап 6 (алты) ай.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Порталда-өтінімді қабылдау туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұрғынжайды пайдалану шарты.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінбесе, көрсетілетін қызметті беруші оны көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін оның қабылдау орнында сақталуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация тұрғынжайды пайдалану шартын 1 (бір) ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) айдан кейін жүгінген кезде, мемлекеттік корпорацияның өтініші бойынша көрсетілетін қызметті беруші тұрғынжайды пайдалану шартын көрсетілетін қызметті алушыға жеткізу үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорацияға жібереді. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: Мемлекеттік корпорацияға:
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) жеке тұлғаның басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынғын цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
2) тұрғынжай алуға өтініш.
Порталға:
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер: 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
Толық ақпаратты «Бұланды ауданының мәдениет, тілдер дамуы, денешынықтыру және спорт бөлімі» ММ-не Макинск қ., Некрасов көш., 19 мекенжайы бойынша, немесе 2-37-88 телефоны бойынша ала аласыздар.