"Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау"

"Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдау "Электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 5 (бес) жұмыс күн. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Субсидия тағайындау туралы хабарлама не субсидия тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) өтініш;

2) әлеуметтік маңызы бар қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы есеп;

3) орындалған жұмыс туралы ақпарат;

4) билеттерді сату жөніндегі есеп;

5) жолаушылар тасымалынан түскен қаржылық қаражат туралы есеп;

 6) Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автобустардың маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км.) сүйене отырып айқындалған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған кезде, тасымалдаушының жолаушыларды маршруттарда тасымалдаумен байланысты шығыстарының көлемі жөніндегі есеп;

7) тасымалдаулар ауданаралық (қалааралық облысішілік) немесе ауданішілік қатынастарда жүзеге асырылған кезде, автовокзалдардың (автостанциялардың) диспетчерлік қызметінің құжаты немесе ауылдық округтің әкімінен немесе оны алмастыратын адамнан осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын анықтамалар;

 8) Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автобустардың маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км.) сүйене отырып анықталған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған кезде, осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растаушы елді мекеннің бірыңғай диспетчерлік қызметінен алынған құжат;

9) диспетчерлік қызметтің қалалық маршруттар бойынша рейстерді орындамағанын растайтын (бар болған жағдайда) құжаты.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер: 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметті немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімі) болуы.

Толық ақпаратты «Бұланды ауданының ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі» ММ-не Макинск қ., Некрасов көш., 19 мекенжайы бойынша, немесе 2-17-57 телефоны бойынша ала аласыздар.

Дата публикации
19 сентября 2023