"Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу"

"Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу" мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдау "Электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 15 (он бес) жұмыс күн. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жобалық құжаттаманы келісу-хат немесе дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен  қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1)өтініш; 2) жобалық құжаттаманың электрондық көшірмесі (ҚР ҚН 1.02-03-2011); Уран өндіру саласындағы жобалау құжаттамасы үшін "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекстің 182-бабының талаптарына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесін ұсыну қажет.  Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме: 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы. Толық ақпаратты «Бұланды ауданының ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі» ММөне Макинск қ., Некрасов көш., 19 мекенжайы бойынша, немесе 2-17-57 телефоны бойынша ала аласыздар.

Дата публикации
19 сентября 2023