"Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу "

"Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу "мемлекеттік қызметін "Электрондық үкімет" веб-порталы  арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 5 (бес) жұмыс күні ішінде. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру үшін жазбаша келісу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жолданады және порталда сақталады. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) өтініш;

2) құжат эскизінің электрондық көшірмесі.

 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер: 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;

 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда және "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді талап ететін қызметке жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған жағдайда;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алуға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

 Толық  ақпаратты «Бұланды ауданының ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі» ММ-не Макинск қ., Некрасов көш., 19 мекенжайы бойынша, немесе 2-17-57 телефоны бойынша ала аласыздар.

 

Дата публикации
19 сентября 2023