"Тұрғын үй сертификаттарын беру"

"Тұрғын үй сертификаттарын беру"мемлекеттік қызметін Мемлекеттік корпорация, немесе көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің кеңсесі арқылы алуға болады. Тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаттарының мөлшері мен тізбесін жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) айқындайды. Әкімші тиісті қаржы жылына әлеуметтік көмек және (немесе) бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаттарының жоспарланған сомасын көздейді. Әлеуметтік көмек қайтарымсыз және қайтарылмайтын негізде беріледі. Әлеуметтік қолдау ақылылық, қайтарымдылық, мерзімділік шарттарымен бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес бюджеттік кредит түрінде беріледі. Тұрғын үй сертификаттарын беру тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Әкімші интернет-ресурсында:

      1) тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі туралы жергілікті өкілді органның (мәслихаттың) шешімін;

      2) тұрғын үй сертификаттарын беру туралы хабарландыруды жариялауды қамтамасыз етеді.

      Тұрғын үй сертификаттарын беру үшін жергілікті бюджетте қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй сертификаттарын беру тоқтатылғаны туралы хабарландыру жарияланады. Тұрғын үй сертификаттары ипотекалық бағдарламада немесе тұрғын үй құрылысы бағдарламасында көзделген тәртіпте тұрғын үй алу кезінде Тізбеге сәйкес келетін өтініш берушілерге беріледі.  Бұл ретте, өтініш беруші екінші деңгейдегі банкке  тұрғын үй сертификатын алу ниеті туралы жазбаша хабарлама жолдайды. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде - 4 (төрт) жұмыс күні ішінде, ал көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезінде - 3 (үш) жұмыс күні ішінде болады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі түрін, сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы шешім немесе дәлелді бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) өтініш; 2) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі); 3) соңғы 6 (алты) ай ішіндегі еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама (барлық отбасы мүшелеріне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына)); 4) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда жұмыс орнынан анықтама; 5) қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хатын қоса бере отырып жүгінуі тиіс. Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну және өтініш берушінің анық емес деректерді (мәліметтерді) ұсынуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері болып табылады. Толық  ақпаратты «Бұланды ауданының ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі» ММ-не Макинск қ., Некрасов көш., 19 мекенжайы бойынша, немесе 2-17-57 телефоны бойынша ала аласыздар.

 



Дата публикации
19 сентября 2023