"Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдау "Электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күн. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты;
Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын ескертулермен немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Нәтиже порталдағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініші; 2) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі; 3) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар тізімі; 4) станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйі, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың алдағы күзгі-қысқы кезеңге әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы. Осы тармақта көрсетілген құжаттарды Портал арқылы берген кезде олардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер: 1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуін анықтау.
Электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Көрсетілетін қызметті алушының Порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.
Толық ақпаратты «Бұланды ауданының ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі» ММ-не Макинск қ., Некрасов көш., 19 мекенжайы бойынша, немесе 2-17-57 телефоны бойынша ала аласыздар.