"Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдау "Электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 (үш) жұмыс күн. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы хабарлама немесе қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығару туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Нәтиже порталдағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою үшін:
1) қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы өтініш;
2) қауіпті техникалық құрылғы паспортының электрондық көшірмесі.
Қауіпті техникалық құрылғыларды есептен шығару үшін:
1) қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығару туралы өтініш;
2) қауіпті техникалық құрылғы паспортының электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер: 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде өтініш беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған.
Толық ақпаратты «Бұланды ауданының ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі» ММ-не Макинск қ., Некрасов көш., 19 мекенжайы бойынша, немесе 2-17-57 телефоны бойынша ала аласыздар.