Бұланды ауданында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Бұланды ауданында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                                                      6-бабы 2-10 тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрінің 2023 жылы 14 шілдегі № 181 бұйрығына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:  

  1. Бұланды ауданында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2023 жылға туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнының 0,5 (нөл бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
12 сентября 2023