Бұланды ауданы Вознесенка ауылдық округінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

 

Бұланды ауданы Вознесенка ауылдық округінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы


2023 жылғы 13 мамырда Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «2023 жылғы 4 маусымға тағайындалған Бұланды ауданының Вознесенка ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы» қаулы қабылдады.

2023 жылдың 14 мамырдағы сағат 18-дегі жағдай бойынша Бұланды аудандық сайлау комиссиясы Вознесенка ауылдық округінің әкіміне ұсынылған 5 кандидаттың 3-еуі тіркелгенін хабарлады.

1 кандидатқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкес келмегені үшін, 1 кандидат өз еркімен кандидаттыққа тіркелуден бас тартты.

Тіркелген үміткерлердің ішінде 1 ер адам және 2 әйел адам бар.

Мамандықтар бойынша: 1 – педагогикалық мамандықпен, 2-экономист.

Кандидаттардың ішінде: 2 мемлекеттік қызметші, 1 бюджет саласының қызметкері.

 2023 жылғы 14 мамыр сағат 18-ден бастап Бұланды  ауданының Вознесенка ауылдық округінің әкіміне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 3 маусым сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

Ақмола облыстық сайлау комиссиясының «2023 жылы тағайындалатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауында республикалық бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы» 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 1/281 қаулысына сәйкес кандидатқа республикалық бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшері көзделген.

Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.

 

Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы



 

Дата публикации
05 сентября 2023