Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Вознесенка ауылдық округінің әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
2023 жылғы 9 мамырда сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды.
Вознесенка сайлау округінде 5 кандидат ұсынылды, олардың біреуі «AMANAT» партиясынан , қалған бесеуі - өзін-өзі ұсыну арқылы.
Орташа бәсекелестік 5,0 адамды құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін белгілеу және оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, бұл жұмыстар 2023 жылғы 14 мамырда сағат 18.00-де аяқталады.
Ағымдағы жылғы 13 мамыр жағдай бойынша Вознесенка сайлау округінде кемінде екі адам ұсынылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.
Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы