Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы
«24» қыркүйек 2023 жылғы
Бұланды ауданы Макинск қаласы әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы
2023 жылғы 31 тамызда Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Бұланды ауданының Макинск қаласы әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы» қаулы қабылдады.
2023 жылдың 3 қыркүйегіндегі сағат 18-дегі жағдай бойынша Бұланды аудандық сайлау комиссиясы Макинск қаласының әкіміне ұсынылған 3 кандидаттың 3-еуі тіркелгенін хабарлады.
Тіркелген үміткерлердің ішінде 2 ер адам және 1 әйел адам бар.
Мамандықтар бойынша: 1 – педагогикалық мамандықпен, 1-финансист, 1 – басқа маман.
Кандидаттардың ішінде: 1 мемлекеттік қызметші, 2 бюджет саласының қызметкерлері.
2023 жылғы 3 қыркүйек сағат 18-ден бастап Бұланды ауданының Макинск қаласы әкіміне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 23 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Ақмола облыстық сайлау комиссиясының «2023 жылы тағайындалатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауында республикалық бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы» 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 1/281 қаулысына сәйкес кандидатқа республикалық бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшері көзделген.
Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.
Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы