Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы Бұланды аудандық мәслихатының шешімінің жобасына баспасөз-релиз.
«Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Бұланды аудандық мәслихатының шешімінің жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Қазақстан Республикасының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес әзірленді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді және мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығыстарды талап етпейді.
Жоба Бұланды аудан әкімдігінің интернет – ресурсында, және «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14631468 орналастырылды