2023 жылы тағайындалатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауында республикалық бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы

 

2023 жылы тағайындалатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауында республикалық бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының  33-бабының  1-1, 2-1 тармақшаларына  сәйкес облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Республикалық бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшерін 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен баспа және / немесе желілік басылымдардағы жарияланымдар көлемі, теле-, радиоканалдарда сөз сөйлеу үшін мемлекет бөлген қаражат шеңберінде дербес қайта бөледі.
  3. Осы қаулы қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
  4. Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.

 

 

Төраға                                                                                                          М. Сәдуов

 

Хатшы                                                                                                 Ә. Күштаева

 

2023 жылғы 6 қаңтардағы

№ 1/281 қаулыға

3 қосымша

 

 

Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшері сайлаушылар саны 5001 адамнан жоғары

 

        1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау – барлығы 50 000 (елу мың) теңге;

        2) бағдарламамен теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) 15 минут – барлығы 50 000 (елу мың) теңге;

        3) бағдарламамен радиода сөйлеу 10 минут – барлығы 10 000 (он мың) теңге;

       4) үгіт материалдарын шығару – барлығы 80 000 (сексен мың) теңге;

       5) үй-жайларды жалға алу – барлығы 10 000 (он мың) теңге;

       6) көлік шығындары (елді мекендердің санына және олардың округ орталығынан қашықтығына байланысты) – барлығы 50 000 (елу мың) теңге.

Дата публикации
31 августа 2023