Бұланды ауданының Макинск қаласының әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы
хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына, Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Бұланды ауданы Макинск қаласы әкімін сайлау үшін сайлау округін құру туралы» 2023 жылғы 16 тамыздағы №16/41 қаулысына сәйкес, Макинск қаласының әкімін сайлау бойынша – Макинск қаласы аумағының шекарасында Макинск қаласы сайлау округі құрылғаны туралы, сонымен қатар Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.
Орналасқан жері: Макинск қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 21, орталық кітапхана жүйесінің ғимараты, тел.: 8 (71646) 2-24-94.
Комиссия төрайымы – Бақыт Шамкенқызы Тасылбекова; төрайымның орынбасары – Молдағали Қамитұлы Кеженев; хатшы – Света Жантөреқызы Сайманбаева; комиссия мүшелері: Дамира Мұхаметрашидқызы Алпысбаева; Надежда Николаевна Ларионова; Аслан Шыңғысханұлы Сабеғат; Бибігүл Айтжанқызы Сыздықова.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы