«Уақытша жер пайдалану құқығымен Бұланды ауданының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін, шетелдік қатысуы жоқ Бұланды ауданының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бiр әкiмшiлiк ауданның шегінде шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерiн бекіту туралы» бірлескен Бұланды ауданының әкімдігінің қаулысының және Бұланды аудандық мәслихатының шешімінің жобасына түсіндірме жазба
|
Р/с № |
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
|
1. |
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган |
«Бұланды ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
|
2. |
Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі |
Қазақстан Республикасының Жер кодексі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының |
|
3. |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік - экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар |
Бірлескен жобаның қабылдануы әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға өзімен бірге келеңсіз ықпал етпейді
|
|
4. |
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар |
Бірлескен жобаның қабылдануы жергілікті мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды қажет етпейді. |
|
5. |
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімдері және болжанатын тиімділігі |
Ауылшаруашылық жерлерін шаруа қожалықтарына және заңды тұлғаларға шекті мөлшерде ұсыну |
|
6. |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және / немесе үкіметтің бұрын қабылданған aктілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер |
Жоқ |
|
7. |
Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі |
Қажет етілмейді
|
|
8. |
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша баска ұйымдарда қосымша (құқықтық, экономикалық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері |
Өткізілген жоқ
|
|
9. |
Өзге де мәліметтер |
Жоқ |
|
10. |
Бірлескен қаулының және шешімнің жобасын мемлекеттіқ органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат |
2023 жылғы 29 наурыз ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылауға орналастырылды.
|
Бұланды ауданының
«Жер қатынастары бөлімі»
ММ-ніңбасшысы А. Данияров