ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 4 маусымда бір сайлау округі бойынша Бұланды ауданы, Вознесенка ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бұланды аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бұланды ауданының Вознесенка ауылдық округі әкімінің сайлауы нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Вознесенка сайлау округі
Вознесенка ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1222 азамат енгізілді, оның ішінде 1016 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер – 14, «Бәріне қарсымын» белгісі бар – 62 бюллетень.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Аяпбергенова С.А. – 94; Жаркин Д.С. – 102; Сироткина Ю.Н. – 744.
Сироткина Юлия Николаевна, 1983 жылы туған, «Вознесенка ауылдық округі әкімінің аппараты» әкімі, Вознесенка ауылдық округінің Вознесенка ауылында тұратын, «AMANAT» партиясымен ұсынылған Вознесенка ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Бұланды аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45 бабына сәйкес 2023 жылғы 4 маусымда сайланған Бұланды ауданы Вознесенка ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Бұланды аудандық сайлау комиссиясы